Жағдай бақылауда

Жағдай бақылауда

Еңбекшіқазақ ауданында балалардың улануына байланысты аталған жағдайдың себептерін зерттейтін комиссия құрылғанын мәлімдейміз.

2023 жылғы 19 мамырда сағат 16:00-де ЖМК бригадасы Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 10 пациент: Бәйтерек ауылы орта мектебінің  5 "Д" сынып оқушылары - "анықталмаған бактериялық тамақтан улану " деген алдын-ала диагнозымен жеткізілді.  Мұғалімдер мен балалардың айтуынша, олар "Али" дүкенінен сатып алынған тамақты тұтынғаны белгілі болды.
- "Пациенттер тексеріліп, тиесілі медициналық көмек көрсетілді.  7 пациент амбулаториялық емделуге жіберіліп, үшеуі орташа дәрежелі жағдаймен инфекциялық бөлімшеге жатқызылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Қазіргі уақытта осы мәселе бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде, тергеу қорытындысы анықталған соң жауабы жарияланатын болады.