Тағайындау

Тағайындау

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жақсымбетов Қайыржан Серікбайұлы Алматы облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы туған, білімі жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1997 жылы «Жамбылагропромстрой» акционерлік қоғамының құрылыс учаскесінің мастеры болып бастаған.
Әр жылдары «Рахат инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақылаушысы, «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының құрылыс учаскесының мастеры, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық және құрылыс бөлімінің маманы, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, «Сары-арқа» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2020 жылдың қыркүйек айынан 2022 жылдың қазіргі күнге дейін Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.