Мемлекеттік қызметшінің әдебі — қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметшінің әдебі — қоғам айнасы

Бүгін Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қуаныш Мұсаұлы Сағымбаев облыс әкімі аппаратының  қызметкерлеріне  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексінің тапаптарын сақтауы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы болып табылады, аталған қалада казино ойын  мекемелері орналасуына байланысты мемлекеттік қызметшілерді құмар ойыннан бойларын алшақ ұстауға шақырды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп Кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмешілер өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен азаматтардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс, аталған мәселе қоғамның мемлекеттік қызметшілерге деген сеніміне кері әсерін тигізетіні анық.

Сол себепті мемлекеттік қызметшілер әдеп нормаларын толық сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – оның ең басты міндеті болып табылатыны айтылды.