
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов пен Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислердің кездесті. Тараптар екіжақты және өңіраралық ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Биыл Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл толды. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 8 млрд доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Елде неміс капиталының қатысуымен 1 мыңнан астам компания жұмыс істейді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы 2,87 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Германиямен сауда көлемі 147 млн доллар болды.
Бүгінгі кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, машина жасау, заманауи технологиялар, цифрландыру, экология, денсаулық сақтау, туризм, сондай-ақ жайлы әрі қолжетімді орта құру мәселелері пысықталды.