Алматы облысында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

Алматы облысында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

Апаттық ажырату салдарынан электр энергиясы өшірілген облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы тұтынушылар 19:30-дағы жағдай бойынша электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.

Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Балқаш, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Қарасай, Ұйғыр, Райымбек және Кеген аудандарында электр энергиясын беру штаттық режимде жүргізілуде.

Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген уақыт ішінде барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері және режимдік-стратегиялық нысандар резервтік электр қуаты көздерімен қамтамасыз етіліп, үздіксіз әрі штаттық режимде жұмыс істеді.