Байсерке ауылындағы «Жаңақұрылыс» шағын ауданында электр және ауыз сумен жабдықтау қалпына келтірілді

Байсерке ауылындағы «Жаңақұрылыс» шағын ауданында электр және ауыз сумен жабдықтау қалпына келтірілді

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ №60 қосалқы станциясының төрт фидерін жоспарлы түрде реконструкциялау жұмыстарын аяқтады.

Электр желілерін жаңғырту барысында уақытша электр қуатын шектеу енгізілді. Соның салдарынан су алу ұңғымасының жұмысына әсер етіп, шағын ауданда ауыз сумен жабдықтауда уақытша қиындықтар туындады.

Бүгінде электрмен жабдықтау және ауыз су беру штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, «Жаңақұрылыс» шағын ауданында шамамен 700 тұрғын үй орналасқан, онда 1,5–2 мыңға жуық адам тұрады. Аудан екі трансформаторлық қосалқы станция (қуаттылығы 400 және 630 кВА) арқылы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Ал ауыз су су алу ұңғымасынан су мұнарасы арқылы жеткізіледі.