Тағайындау

Тағайындау

Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Айбекұлы Рақымбаев 2026 жылғы 19 маусымнан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Айбол Айбекұлы 1991 жылы туған, білімі жоғары, 2012 жылы Халықаралық Бизнес университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап, 2024 жылы "Q" UNIVERSITY  академиясында «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2013 жылы «МФО 1 кредит»  ЖШС-ның несие менеджері болып  бастаған.

Әр жылдары Іле ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Жетіген және Энергетический ауылдық округі әкімінің орынбасары, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның бас маманы лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.