
Соңғы бес жылда Алматы облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатына 57,6 млрд. теңге бағытталды. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың есепті жиынында белгілі болды.
Өткен жылы 23 ауылға орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып, 91-інде жөндеу жұмыстары жүргізілді, сөйтіп сапалы ауыз сумен қамту деңгейі бүгінгі күні 84%-ке жетті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Ақсу, Қарасай, Кербұлақ, Панфилов, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында сумен қамтудың 13 нысанында, Текеліде және Талдықорған мен Қапшағай қалаларының екі қазандықтарында жалпы сомасы 7,7 млрд. теңгенің құрылыс және жаңғырту жұмыстары аяқталады.