
Қонаев қаласында Кешенді даму жоспары аясында М.Әуезов көшесін күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Жобаға сәйкес, жол екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейтіледі. Көшенің жалпы ені 14 метрді, ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, тротуарлар салынып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады, көше жарығы жаңартылып, «Шошқалы сай» арнасы арқылы өтетін автомобиль көпірі тұрғызылады.
«Құрылыс жұмыстарын 9 ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Бұл көше қаланың негізгі көлік артерияларының біріне айналады. Шомылу маусымында қалада көлік кептелісі жиі байқалады. Көшені кеңейту осы мәселені шешуге мүмкіндік береді», – деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев.
Оның айтуынша, Кешенді даму жоспары аясында Алматы және Абай көшелерін де күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Қазіргі таңда жобалық құжаттар дайын, жуырда мемлекеттік сараптамаға жолданады.
Бұдан бөлек, қалада шұңқырларды жамау және ағымдағы жөндеу жүріп жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы Қарлығаш шағынауданында жолдарды жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Жобаны биыл аяқтау жоспарланған.
_______
В Конаеве началась реконструкция улицы М. Ауэзова
В городе Конаев в рамках Комплексного плана развития начаты работы по капитальному ремонту улицы М. Ауэзова.
Согласно проекту, дорога будет расширена с двух до четырёх полос. Общая ширина составит 14 метров, протяжённость – 1,2 километра. Также предусмотрено обустройство тротуаров, установка скамеек и урн, модернизация уличного освещения, а также строительство автомобильного моста через канал «Шошқалы сай».
«Завершение строительных работ планируется в течение 9 месяцев. Улица станет одной из ключевых транспортных артерий города. В купальный сезон в Конаеве часто возникают заторы, и расширение улицы позволит существенно снизить нагрузку на дорожную сеть», – отметил руководитель отдела пассажирского транспорта и автомобильных дорог Багдат Алиев.
По его словам, в рамках Комплексного плана развития также предусмотрена реконструкция улиц Алматы и Абая. Проектная документация уже подготовлена и в ближайшее время будет направлена на государственную экспертизу.
Кроме того, в городе ведутся работы по ямочному и текущему ремонту дорог.
Напомним, в прошлом году началась модернизация дорожной инфраструктуры в микрорайоне Карлыгаш. Завершение работ запланировано на текущий год.