ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы әкімінің өкімімен Дәулет Шайтұрсын Алматы облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бұл басқарма осы жылдың 11 наурызында Мемлекет басшысының балаларды қорғау жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес құрылған.

Дәулет Шайтұрсын 1988 жылы туған. Білімі – жоғары. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, Тұран университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «ҚызылордаОтын» ЖШС директорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары «АБК-Құрылыс» ЖШС директорының бірінші орынбасары, директоры, Қызылорда облыстық филармониясының бас әкімшісі, облыс әкімі аппаратының инспекторы, «Байқоңыр» ӘКК» ҚБ» АҚ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бастығы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің маманы, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Өткен жылдың наурызына дейін Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында, кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының өңірлік инспекторы болып еңбек еткен.