Бір тал кессең, он тал ек: Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Бір тал кессең, он тал ек: Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Іле ауданында ауқымды көгалдандыру жұмыстары басталды

«Алматы станциясы торабын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы (Қазыбек бек – Жетіген)» жобасы аясында аудан аумағында 10 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарланған.

Қазіргі уақытта мердігер ұйым «Акбастау Gardens» ЖШС тарапынан алғашқы отырғызу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау және олардың жерсінуін қамтамасыз ету жұмыстары алдағы үш жыл бойы жүргізілетін болады.

Жоба аудан аумағын көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және жасыл аймақтарды көбейтуге бағытталған.