
Қонаев қаласы бойынша референдум учаскелерінің жалпы саны – 31, оның 5 –уі жабық учаскелер.
Рефендумға қатысуға құқығы бар азаматтар саны – 44200 адам. 144 мүгедектігі бар референдумға қатысушылар бар, оның ішінде 26- нашар көретіндер, 36- нашар естушілер, 82-арба қолданушылар. 1158 азамат- алғашқы дауыс берушілер.
Барлық участоктерде мүгедектігі бар азаматтарға толық жағдай жасалған. Референдумның өту барысын бақылауға Қонаев қаласы бойынша аккредитациядан өткен қоғамдық бірлестіктер, саяси партиядан 118, БАҚ өкілдерінен 7 байқаушылар тіркеліп қатысуда.
Жалпы референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың белсенділігі жақсы. Үй жайдан тыс дауыс беруге өтініштер 101 азамат өтініш білдірді.
Учаскелік референдум комиссиялары заңға сәйкес жұмыстарын атқаруда.
Рефендум учаскелерінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ.