Алатау қаласында республикалық референдум күні тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Алатау қаласында республикалық референдум күні тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Қала орталығында өткен жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынды.

Жәрмеңкеге қала тұрғындары белсенді қатысып, жаңа әрі сапалы азық-түлік өнімдерін сатып алуға мүмкіндік алды. Сауда сөрелерінде ет және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, ұн-нан өнімдері, бал және басқа да табиғи тағамдар кеңінен ұсынылды.

Іс-шараның басты мақсаты - халықты сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз ету, жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау және референдум күні қала тұрғындары үшін қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру болды. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер халыққа тиімді бағада өнім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, мерекелік көңіл-күй сыйлады.