Қонаевта дрифт-шоу чемпиондары дауыс берді

Қонаевта дрифт-шоу чемпиондары дауыс берді

Қонаевтағы «ASP Аренада» дрифт жарыстарының маусымы ашылды. Алғашқы жарыс нәтижесі бойынша Петр Бородин бірінші орынға ие болса, Евгений Васкин екінші орынға табан тіреді. Алайда бұл күні тек жеңіс маңызды болған жоқ – автоспорт шеберлері спорттағы жетістіктерінен бөлек, азаматтық жауапкершілік танытты.

Жарыстан кейін олар референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Жарыс жеңімпазы Петр Бородин өзінің тәжірибесін бөлісе отырып, спорт пен қоғамдық өмір арасындағы байланысты атап өтті: "Дрифт-шоу облыс орталығындағы ең қызықты шаралардың біріне айналып келеді.» ASP Arena» әрдайым мәдени және спорттық шараларға толы, мыңдаған көрерменді, алыс-жақыннан келген автоспорт сүйер қауымның басын қосады. Бүгін біз жарыстан кейін өз азаматтық борышымызды орындау үшін сайлау учаскесіне келдік. Спорттағы шешім сияқты, әр дауыс саналы таңдау болып саналады," – деді ол.

Екінші орын иегері Евгений Васкин те дауыс берудің маңыздылығын атап өтті:
"Автоспорт бізді тәртіпке үйретеді, ережелерді құрметтеуге баулиды. Біз командамен бірге қаламыздың және еліміздің қоғамдық өміріне қатысуға тырысамыз. Бүгін біз келіп дауыс бердік — бұл біздің трассадағы шешімдеріміз сияқты саналы, жауапты таңдау," — деді ол.

Осылайша, Қонаевтағы дрифт-шоу тек спорттық жарыс қана емес, жастардың азаматтық белсенділігін паш ететін мерекеге айналды.