Өмірқұл Айниязов өз таңдауын жасады

Өмірқұл Айниязов өз таңдауын жасады

Өмірқұл Айниязов халқымыздың дәстүрлі ән өнерін эстрада бағытымен шебер үйлестіріп жүрген белгілі әнші. Сонымен бірге қоғамдық-саяси өмірде де белсенді, ешқашан сайлаудан, басқа да саяси науқандардан шет қалған емес. 

– "Өнер адамдары қоғамдық өмірде де белсенді болуы керек деп ойлаймын. Өйткені, көп адамдар, әсіресе жастар сондай жандарға еліктейді, соларға қарап бой түзейді. Сондықтан, конституциялық құқымызды пайдаланып, еліміздің ертеңі үшін дауыс беріп жатсақ, бұл да жастарға, айналамыздағы басқа да қоғам мүшелеріне үлгі болатыны сөзсіз", – деді ол.