
Медициналық орталықтар Іле ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған. Оның бірі Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында болса, екіншісі «Береке» саяжай-кооперативінде орналасқан. Игі істің жүзеге асуына үлес қосқан мердігер – «Капитал Строй Проект групп» компаниясы. Енді ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Нысандар заманауи жабдықтармен толық қамтылған.
Баспана кілттері Іле ауданы мен Қонаев қаласында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жалға берілді. Кейін оны өз атына аударуға да мүмкіндік бар. Облыс орталығындағы «Comfort» көппәтерлі тұрғын үй кешенінен 50 адам, ал Іле ауданындағы «Galamat» тұрғын үйінен 82 адам жаңа үйге қол жеткізді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, баспанамен қамту, тұрғындар игілігіне қызмет ететін нысандар салу жұмысы кезең-кезеңімен жалғасын табады.