
Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде нағыз технологиялық серпіліс жасады.
Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ауруханада алдыңғы қатарлы ангиографиялық қондырғымен жарақтандырылған заманауи рентген интервенциялық бөлімшесі (катетеризациялық зертхана) ресми түрде ашылды.
Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының директоры Жәмилә Әбеуова атап өткендей, осы қол жеткізген жетістік ауылдық медицинаның жаңа деңгейге қадам басқандығын білдіреді, яғни жоғары технологиялар ауданымыздың әрбір тұрғынына тікелей тұрғылықты мекен-жайы бойынша қолжетімді болады.
Бөлімшеде атқарылған үздік тәжірибенің бастапқы қол жеткізген нәтижелері жобаның өмірлік маңыздылығын көрсетіп отыр: дәрігерлер алғашқы пациенттерге коронарографиялық зерттеулерді сәтті түрде жүзеге асырды. Диагностика жүргізілген бір жағдайда тамырлардың аса күрделі асқынғандығын анықтады, бұл дереу операциялық шара қолданылуын талап етті.
Аудандық аурухана тарихында алғаш рет күрделі операция - коронарлық артерияларды стенттеу - аурухана базасында, пациентті облыс орталығына немесе Алматыға шұғыл тасымалдаудың қажеттілігінсіз орындалды.
Жүректің ишемиялық ауруын диагностикалаудың «алтын сағаты» форматында көмек көрсету стандартын енгізу - дәрігерлерге қысқа мерзімде емдеу тактикасын анықтауға және адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтай отырып, төменинвазивті араласуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Енді бұрын ірі мегаполистерде ғана қолжетімді болған жоғары технологиялық эндоваскулярлық көмек ауыл тұрғындары үшін нағыз қолжетімді көмек түрі болып отыр. Бұл медицинаның қолжетімділігін арттырып қана қоймай, пациенттерді бағыттау бейінін түбегейлі өзгертіп, диагноз қоюдан бастап операция жасалғанға дейінгі мерзімнің жеделдетілгендігін, жоспарлы көмек көрсету кезіндегі тұрғындар шығыны да азайғандығын білдіреді.
Бұл ауқымды жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы облысы әкімдігінің жүйелі қолдауының арқасында жүзеге асырылғандығын атап өту керек.
Инфрақұрылымды жаңғырту және ангиографиялық қызметтің іске қосылуы аудан тұрғындары үшін сапалы және жедел денсаулық сақтау саласын дамытудағы жаңашылдық қадамы болып, Еңбекшіқазақ КОАА мамандандырылған кардиологиялық көмектің қуатты өңірлік хабына айналдырады.