Азаматтардың еркін түрде ерік білдіруіне жағдай жасау

Азаматтардың еркін түрде ерік білдіруіне жағдай жасау

Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық аясында инспекциялық сапармен Алматы облысына барды.

Жұмыс сапарына ОРК хатшысы Шавхат Өтемісов және комиссия аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Сапар барысында ОРК Төрағасы № 946, 947, 949 сайлау учаскелерінің дауыс беруді өткізуге дайындығын және олардың материалдық-техникалық жабдықталу деңгейін бағалады.

Қолжетімді және инклюзивті орта жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Учаскелерде дауыс беруге арналған бюллетеньдерге Брайль қарпімен жазылған трафареттер, арбамен қозғалатын азаматтарға ыңғайлы биіктікте орналастырылған, ірі қаріппен әзірленген ақпараттық стендтер және бейімделген дауыс беру кабиналары қарастырылған.

Ағымдағы науқан аясында қолжетімділікті арттырудың қосымша тетігі ретінде ақпараттандырудың кеңейтілген форматы енгізілді: әрбір учаскеде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндік нұсқасымен қатар, аудио нұсқасы да қолжетімді.

Дауыс беру күні өз учаскесінде дауыс бере алмайтын, уақытша басқа жерде болатын азаматтардың электоралды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында заңнамаға сәйкес есептен шығару куәлігін алу мүмкіндігі қарастырылған.

Қазіргі уақытта азаматтарды республикалық референдумның өту барысы туралы әр түрлі байланыс арналары арқылы кеңінен ақпараттандыру ұйымдастырылуда және арнайы онлайн сервистер іске қосылуда. Осыған байланысты ОРК Төрағасы учаскелік комиссияларға әрбір дауыс берушіге QR коды бар дербес шақыру қағаздарын жеткізу жұмыстарын сапалы түрде қамтамасыз етуді тапсырды.

Учаскелерді аралау қорытындысымен Нұрлан Әбдіров басты міндет  - азаматтардың өз дауыс еркін және кедергісіз беруін қамтамасыз ету үшін заңнамамен белгіленген барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету екенін ерекше атап өтті.

Сонымен бірге, барлық қатысатын мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысы маңызды болып табылады. Комиссиялар өз өкілеттіліктерін толық жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қолдауға ие болуы тиіс.

Сапар аясында өткізілген жұмыс кеңесінде ведомствоаралық үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңеске жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ аумақтық референдум комиссияларының төрағалары қатысты.

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары республикалық референдумға қатысушылар тізімін өзектендіру жұмысын аяқтағандықтары және учаскелердің дауыс беру күніне дайындық деңгейі туралы баяндады.

Құқық қорғау органдарының басшылары азаматтардың электоралды құқықтарын қорғау, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Сапар аясында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының басшыларына арналған семинар өткізілді. Оқыту процесі алдымен бастапқы тестілеуден басталды, оның нәтижесіне сәйкес олардың дайындық бағдарламасы қалыптастырылды.

Бағдарламада референдумды өткізудің құқықтық негіздері, дауыс беру күні әрекет ету алгоритмі, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара әрекеттесу мәселелері қарастырылды. Семинар барысында практикалық кейстер қаралып, нақты жағдайларға арналған әдістемелік ұсынымдар берілді.

Оқыту аяқталған соң қорытынды тестілеу жүргізілді. Мұндай дайындық үлгісі аудандар мен қалаларда каскадтық әдіспен жүзеге асырылып, барлық деңгейдегі комиссиялардың кәсіби дайындық стандарттарын біркелкі қамтамасыз етуге бағытталуда.

Ақпарат ретінде:

Алматы облысы бойынша республикалық референдумға 694 комиссия жұмылдырылған (12 аумақтық, 682 учаскелік), олардың құрамында 4 806 комиссия мүшесі бар.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар саны - 1 029 611.