
2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық шеңберінде Алматы облысында тұрғындар арасында кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Өңір тұрғындарына дауыс беру тәртібі, учаскеге тіркелу және дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берілуде.
Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтардың тіркелген жерінен тыс жерде дауыс беру тәртібін түсіндірді.
- «Егер азамат 15 наурыз күні өзінің тіркелген жерінен тыс жерде болса, онда 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі қажет. Өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат референдум күні нақты болатын жері бойынша учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы өкіл де ала алады, бұл ретте сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді. Құжат жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқа берілмейді. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару құжаттары берілмейді», - деді Мейрамгүл Айтова.
Референдум учаскесін қалай білуге болады?
Алматы облысының тұрғындары өздерінің дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде бірнеше тәсіл арқылы ала алады:
ресми веб-сервис арқылы ЖСН енгізу жолымен;
бірыңғай iKomek байланыс орталығы арқылы (109);
облыстың учаскелері көрсетілген ақпараттық-анықтамалық карта арқылы;
Telegram-бот арқылы.
Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):
Алматы облысы – 109
Қонаев қаласы – 8 (72772) 22111
Алатау қаласы – 8 (727) 304 26 29
Балқаш ауданы – 8 (72773) 95 496
Еңбекшіқазақ ауданы – 8 (72775) 72 371
Жамбыл ауданы – 8 (72770) 22 340
Іле ауданы – 8 (72752) 20 892
Қарасай ауданы – 8 (72771) 29 981
Кеген ауданы – 8 (72777) 21 170
Райымбек ауданы – 8 (72779) 21 994
Талғар ауданы – 8 (72774) 21 284
Ұйғыр ауданы – 8 (72778) 21 739
Облыс әкімдігі тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырады.