
Қазақстанның ширек ғасырда бейбітшілік пен қоғамдық келісім салтанат құрған көпұлтты халықтың алтын көпіріне айналғаны баршамызға ортақ мақтанышымыз. Президентіміз еліміздегі ең басты мәселелерді мерзімінде шешумен қатар мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыру саясатын қарқынды жүргізіп келеді.
Елбасымыз халқымыздың есен-саулығына, медициналық қызметтің сапасы мен дәрі-дәрмектің қолжетімділігіне баса мән беру керектігін атап көрсеткен. «Білім – өмір бұлағы» дегендей, келелі келешекке бастайтын әр этнос өкілдерінің тең дәрежеде білім алуы жалынды, дарынды жастарымыздың халықаралық деңгейде көрінуіне жол ашып, өскелең ұрпақтың үш тілде еркін сөйлеуі әлемнің қай түпкірінде жүрсе де бәсекеге қабілетті қазақ елін танытып, ұлтының мәртебесін асқақтатуда. Әсіресе, тегін кәсіптік білім беру, тегін тамақтандыру мәселелері көптеген отбасының көкейлерінде жүрген армандарының орындалуының айқын жолы іспетті. Экономиканың әр секторының дамуы оның басым бағытының бірі. Жолдауда ауылшаруашылығының қамбасы алтын астыққа толып, Қазақстанда жасалған сапалы өнімнің сұранысқа ие болуына, ел игілігіне айналуына басымдық берілген. Елбасының Жолдауы қазіргі заман талабына сай өзекті мәселелерді шешудің бағыт-бағдары, сара жолы мен толайым табыстардың бастауы болмақ.
Ғабит Тұрсынбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облысының хатшылық меңгерушісі