
Алатау қаласында халықты тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жоспар аясында “Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі” өтті. Шараға Алматы облысының еңбек мобтльділігі орталығы КММ-нің Алатау қаласы бойынша мансап орталығы ұйытқы болды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты- тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс іздеп жүрген азаматтар мен жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту.
Айта кетейік, жыл басынан мансап орталығы қызметіне 126 адам жүгінген. Ал аталған жәрмеңкеге 48 азамат қатысты. Оларға 12 жұмыс беруші тарапынан 48 бос жұмыс орны ұсынылды. Қатысушылардың ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған 25 азамат пен 10 жас болды. Шара қорытындысы бойынша 3 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, пробация есебіндегі 8 тұрғын жұмыспен қамтуға жолдама алып, олардың 3-еуі тұрақты қызметке қабылданды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасын тауып, халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл – әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам.