
2026 жылғы 16 ақпандағы облыс әкімінің өкімімен Байғалық Ернат Елүбайұлы Алматы облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ернат Елүбайұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы аталған университеттің «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Тұран университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы болып бастаған.
Әр жылдары Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы – бас бақылаушы-тексерушісі, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, басшының орынбасары қызметтерін атқарған.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі лауазымында қызмет етті.
Сондай-ақ облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.