
2025 жылғы 22 қаңтардан бастап, 2026 жылға арналған Мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмек (МКТМК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында медициналық қызмет көрсетуге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарттың болмауына байланысты, денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен тіркелген халық аумақтық тиесілілігіне сәйкес аудандық медициналық ұйымдарға қайта бөлінді:
🔹 «Интермедикал» ЖШС (8 831 адам) және
«BRT Clinic» ЖШС (1 513 адам)
➡️ Талғар аудандық орталық ауруханасына бөлінді.
🔹 «МЕД ЦЕНТР “МЕДИНА”» ЖШС (3 828 адам)
➡️ Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасына бөлінді.
✨ Маңызды: аумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылған қайта бөлу пациенттің таңдау құқығын шектемейді. Әрбір азамат алғашқы медициналық-санитариялық көмек алу үшін медициналық ұйымды өз бетінше таңдауға құқылы.