Ұлы тұлғаға тағзым: Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 114 жыл

Ұлы тұлғаға тағзым: Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 114 жыл

Қонаев қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай еске алу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қайраткердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Еске алу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, сондай-ақ қоғам өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Жиын барысында қатысушылар Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ел дамуына қосқан өлшеусіз үлесін, оның байыпты мемлекеттік саясатын және жоғары адамгершілік қасиеттерін атап өтті. Сондай-ақ, оның өмір жолы Отанға адал қызмет етудің, жауапкершілік пен даналықтың айқын үлгісі екені ерекше айтылды.

Іс-шара соңында жиналған қауым ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.