
Алматы облысы әкімі міндетін атқарушының өкімімен Нұрлан Өмірханұлы Өмірханов 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Нұрлан Өмірханұлы 1985 жылы дүниеге келген, жоғары білімді. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сумен жабдықтау, су бұру және су ресурстарын қорғау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы «Базис» жобалау институтында II санаттағы сумен жабдықтау және су бұру инженері қызметінен бастаған.
Әр жылдары «Ай-Бек строй» ЖШС-нің бас инженері, «Алматы Су Холдингі» МКК-нің шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Су Желісі» мекемесінде диспетчерлік қызметтің ауысым инженері және II санаттағы инженер, Алматы қаласы құрылыс басқармасының статистигі, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, «Томи» жеке кәсіпкерлігінде құрылыс учаскесінің бастығы, «Асу Строй ЛТД» ЖШС-де инженерлік желілер құрылысы учаскесінің бастығы – техникалық директор, сондай-ақ «Alatau Public Utilities» ЖШС-нің өндірістік департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
2025 жылғы сәуір айынан бастап Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасында бөлім басшысы лауазымын атқарып келді.