
Қонаев қаласында Алматы облысы әкімінің «Заңғар–2025» жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараны Алматы облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.
Аталған сыйлық жас ұрпақтың әлеуетін дамытуға және өңірдегі белсенді әрі дарынды жастарды қолдауға бағытталған. Байқауға Алматы облысының 14 пен 35 жас аралығындағы, жастар саясаты саласында азаматтық белсенділік танытып, түрлі бағыттарда елеулі жетістіктерге қол жеткізген жас тұрғындары қатысты. Жоба 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және биыл төртінші рет өткізілді.
Сыйлық иегерлеріне дипломдар мен 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттар табысталды.
«Үздік жас журналист» номинациясы бойынша Alataunews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Балнұр Асанова жеңімпаз атанды. Ол өз сөзінде Алматы облысы әкімдігінің жастар мен жас мамандардың кәсіби дамуына бағытталған жүйелі саясатын атап өтті.
Алматы облысы әкімінің «Заңғар–2025» жастар сыйлығының жеңімпаздары:
Курбанова Асель Ярмагаметқызы – «Үздік жас мемлекеттік қызметші»;
Нурбек Оган - «Үздік жас ұстаз»;
Арайлым Кенжеғалиқызы Хамидолла – «Үздік жас дәрігер»;
Балнұр Тәуекелқызы Асанова – «Үздік жас журналист»;
Юсуф Бағытжанұлы Мұхтасип – «Үздік жас спортшы»;
Алмат Берікұлы Таласбай – «Үздік жас кәсіптік маман»;
Меруерт Маратовна Юсупова - «Үздік жас кәсіпкер»;
Нұржігіт Кенжеғалиұлы Кенжеғали – «Үздік жас өнерпаз»;
Мунира Эльшадқызы Муртузаева – «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы»;
Айдос Бегланұлы Аукен - «Үздік жас волонтер»;