Алматы облысы Түркиялық Cengiz холдингіне инвестициялық әлеуетін таныстырды

Алматы облысы Түркиялық Cengiz холдингіне инвестициялық әлеуетін таныстырды

Алматы облысы әкімдігінің делегациясы Анкара қаласында Cengiz Holding өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда өңірдің инвестициялық және инфрақұрылымдық әлеуеті таныстырылып, агроөңдеу мен өнеркәсіптік құрылыс салаларындағы ірі жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың артықшылықтары кеңінен таныстырылды.

Кездесу барысында Алматы облысы ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асыруға қолайлы өңір ретінде ұсынылды. Атап айтқанда, өнеркәсіптік нысандар салу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді түрде жетілдіру бағыттарындағы мүмкіндіктер айтылды.

Әртүрлі елдерде күрделі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәжірибесі бар Cengiz Holding өкілдері ұсынылған инвестициялық жағдайларды зерделеуге және ықтимал ынтымақтастық бағыттарын алдағы уақытта жан-жақты пысықтауға қызығушылық білдірді.