
Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті цифрлық технологиялар, ғылыми зерттеулер және өңір экономикасына инновацияларды енгізу бағытында жаңа мүмкіндіктер ашатын өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат экономика салалары бойынша инвестициялық және цифрлық жобаларды бірлесіп дамыту жұмыстарын көздейді. Тараптар жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау, цифрлық платформалар сияқты шешімдерді енгізу бағытында өзара әрекеттесетін болады. Суперкомпьютер базасында қала инфрақұрылымын және климаттық процестерді модельдеу, көлік жүйесін интеллектуалды басқару, төтенше жағдайлар тәуекелін болжау, энергетикалық желілерді оңтайландыру сияқты цифрлық трансформацияның пилоттық жобаларын әзірлеу және тестілеу мүмкіндігі қарастырылған.
«Бүгін біз өңірдің болашағына жұмыс істейтін маңызды қадам жасадық. Меморандумға қол қою заманауи зерттеу технологияларына жол ашады. Ғылым, бизнес және мемлекеттік сектордың синергиясы Алматы облысының цифрлық трансформациясына күшті серпін береді деп сенеміз. Алдағы жылдары біз жобаларды басқару, логистика, АӨК, өнеркәсіп және басқа да салаларға интеллектуалды шешімдерді енгізе аламыз», — деді Акжол Исақов.
Меморандумға қол қою Алматы облысының заманауи инновациялық экожүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ. Елдің жетекші университетімен ынтымақтастық өңірге экономикада озық шешімдерді белсенді енгізуге, ғылыми-білім беру әлеуетін күшейтуге және болашақтың цифрлық салалары үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Инвесторлар мен бизнес үшін бұл жобалардың сапасын арттыруға, іске асыруды жеделдетуге және тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін жаңа құралдар мен технологиялардың пайда болуын білдіреді.