
2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Алматы облысы өзінің тарихында алғаш рет мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша 1 трлн теңгеден астам қаржы түсірді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 млрд теңгеге немесе 11,4%-ға жоғары (01.12.2024 ж. жағдайы бойынша – 915,1 млрд теңге).
Жергілікті бюджетке түсімдердің айтарлықтай артқаны байқалады: өңірдің меншікті кірістері 566,8 млрд теңгені құрап, 2024 жылғы деңгейден 98 млрд теңгеге немесе 20,9%-ға көп болды (468,9 млрд теңге).
Республикалық бюджетке түсімдер 452,8 млрд теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 6,6 млрд теңгеге немесе 1,5%-ға жоғары болды (446,2 млрд теңге).
Егер, 2021 жылмен салыстырғанда (сол жылы түсімдер көлемі 663,4 млрд теңге болған), жалпы өсім 356,2 млрд теңгені құрап отыр, оның ішінде республикалық бюджетке түсімдер 106,7 млрд теңгеге, жергілікті бюджетке түсімдер 249,4 млрд теңгеге артқан.
Анықтама үшін:
2022 жыл — 780,1 млрд теңге (РБ — 384,0; ЖБ— 396,1 млрд теңге);
2023 жыл — 888,6 млрд теңге (РБ — 488,3; ЖБ— 400,3 млрд теңге);
2024 жыл — 997,6 млрд теңге (РБ — 477,0; ЖБ— 520,5 млрд теңге).
Бұл оқиға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды кезеңі болып, салық базасын кеңейту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін дәлелдеп отыр.