
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулысы аясында Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір тұрғындарымен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесу өткізіп, денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі ахуалы туралы баяндама жасады.
Кездесу барысында министр биылғы 9 айдың қорытындысына тоқталып, денсаулық саласындағы оң өзгерістерді атап өтті.
Денсаулық саласындағы ең ойталы шешім, бұдан былай бұқара скринингтік тексеруден кепілді медициналық көмек аясында өте алады.
Республиканың бас дәрігері Ақмарал Әлназарова, аталған ақжолтай хабарды халыққа жеткізіп қана қоймай, аталмыш тексеруден ендігі кезде 76 жасқа дейінгі ел тұрғындары өтетінін айтты.
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетіне ендігі кезде онкоскринингте қосылды. Бұл өз кезегінде 300 мың сақтандырылмаған халықтың тексеруден өтуіне мүмкіндік береді»,-деді Ақмарал Әлназарова.
Кездесу барысында, министр жедел-жәрдем қызметіндегі өзгерістерді атады. Оның айтуынша, 4-санаттағы жедел шақыртулар МСАК деңгейіне беріліп, мобильдік бригадалар мен call-орталықтар енгізілді. Бұл жедел жәрдем жүктемесін 40–50%-ға..төмендеткен. Сондай-ақ жедел жәрдем кабинеттерінің ашылуының арқасында стационарларға түсетін өтініштер саны 20 %-ға азайған.
Министр медициналық сақтандыру жүйесін күшейту бойынша қабылданған заңнамалық өзгерістерді де түсіндірді.
2026 жылдан бастап:
– МӘМС жарналарының есептеу базасы ұлғайады;
– жүйеге қосымша 200 млрд теңге түседі.
2027 жылдан бастап:
– мемлекет жарналары 2 %-дан 4,7 %-ға дейін кезең-кезеңімен өседі.
Айта кетейік, Алматы облысында бүгінгі таңда халықтың 83,2 %-ы сақтандырылған, 16,8 %-ы сақтандырылмаған. Бұл бағыттағы жұмысты үйлестіру үшін өңірлік штаб құрылған.
Министр денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, медициналық көмектің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту жұмыстары жалғасатынын айтты.
«Халықтың сұранысына сай келетін тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру – басты міндетіміз», – деп қорытындылады Ақмарал Әлназарова.