Хэн Файн Вонг: Алатау қаласы озық технологиялар трансферін және инновацияларды кең ауқымда таратуды қамтамасыз етеді

Хэн Файн Вонг: Алатау қаласы озық технологиялар трансферін және инновацияларды кең ауқымда таратуды қамтамасыз етеді

Алатау қаласы жалпы құқықтың жаңа жүйесі мен ынталандырудың арнайы режимдерін енгізудің нәтижесінде халықаралық корпорациялар үшін бірегей жағдай жасамақ. Бұл туралы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы, Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Хэн Файн Вонг мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа қала шетелдік бизнеске таланттар мен капиталды еркін тартуға мүмкіндік беретін түбегейлі өзгеше жұмыс моделін ұсынады. Бұл үдерісте «Астана» халықаралық қаржы орталығымен тығыз интеграцияланатын Gate District қаржы кластері ерекше рөл атқармақ.

«Бұл қазақстандық ЖІӨ-нің өсуіне елеулі үлес қосады деп ойлаймын. Көптеген өзге де жағдайлардағы сияқты бірнеше мәрте мультипликативті әсер беруі мүмкін. Мұның бәрі қаржы индустриясының қай секторын таңдап алатынымызға байланысты. Біз PropTech-ті, сондай-ақ криптовалюталар мен жаңа цифрлық активтерді бағдар етіп аламыз. Бұл қазіргі уақытта Қазақстанның басқа еш жерінде жоқ индустрияның жаңа түрі», — деп атап өтті Хэн Файн Вонг.

Алатау сондай-ақ Smart City және «төмен биіктіктегі экономика» саласын дамыту үшін де негізгі платформа ретінде қарастырылып отыр, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттары мен роботтандырылған таксилерді пайдалану бастамалары бар. Осы мақсаттар үшін арнайы реттеу режимі қолданылатын болады.
«Егер бұл жоба Алатау қаласында «құмсалғыш» форматында сәтті жүзеге асса, оны бүкіл Қазақстан бойынша таратуға болады. Бұл елдің ішіндегі қызметті айтарлықтай жандандырады. Мысалы, цифрлық активтер саласында жер мен жылжымайтын мүлікті токенизациялаудың жаңа түрлері пайда болады, бұл шетелдік және жергілікті инвесторлар үшін қолайлы», — деп атап өтті Хэн Файн Вонг.

Сондай-ақ қаланың халықаралық сауда үшін стратегиялық маңызы да атап өтілді. Хэн Файн Вонг Алатаудың Қытай мен Еуропа арасындағы жолдардың түйіскен жерінде орналасуы батыс Қытайдан шығатын жүктерді, босамай жатқан шығыстағы порттарына апармай, тіке тасымалдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде жұмыс істеп жатқан қазақстандық компаниялар үшін кең ауқымды перспективалар туғызады.

📱 @KZgovernment