Алматы облысының жобалық офисі жобалық басқаруды енгізу бойынша көшбасшылар қатарында

Алматы облысының жобалық офисі жобалық басқаруды енгізу бойынша көшбасшылар қатарында

Алматы облысының жобалық офисі өңірлік жобалық командалардың жұмысын үйлестіру, консультациялық-әдістемелік сүйемелдеу және ұйымдастырушылық қолдау көрсету бағытында маңызды рөл атқарады. Офис мамандары ақпараттық-талдамалық жұмыстарды жүргізіп, бағдарламаларға қатысушы мүдделі тараптармен өзара әрекет етеді, сондай-ақ мемлекеттік бастамалардың орындалу барысын «Битрикс» ақпараттық жүйесі арқылы жедел мониторингтеп отырады.

Ұлттық жобалар мен бағдарламалық құжаттар аясында «Битрикс» жүйесінде жалпы 398 жоба бақылауға алынған, олардың 128-і сәтті аяқталды. Мұндай жүйелі жұмыс жобалардың орындалу динамикасын дер кезінде қадағалауға, тәуекелдерді анықтауға және өңірдегі жобалық басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Астана қаласында Халықаралық жобалық басқару күніне арналған «PROJECT MATURITY FORUM» форумы өтті. Жобалық басқару әдістерін енгізу және пайдалану нәтижелері бойынша Алматы облысының жобалық офисі үздік көрсеткішке қол жеткізіп, жергілікті атқарушы органдардың 20 жобалық офисі арасында екінші орынға ие болды.

Бұл жетістік Алматы облысындағы жобалық қызметтің жоғары деңгейде дамығанын және мемлекеттік бастамаларды іске асырудағы қолданылатын тәсілдердің тиімділігін айғақтайды.