«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Алматы – Қонаев» тасжолы бойында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Алматы – Қонаев» тасжолы бойында сенбілік өтті

Жыл басынан бері облыс бойынша акцияға 800 мыңға жуық адам, 8 836 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 4 мыңға жуық техника жұмыс істеген. 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналған. Сондай-ақ 109,8 мың ағаш егіліп, 3 048 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы, 55 саябақ пен сквер, 1090 тарихи-мәдени ескерткіш және 1055 әлеуметтік нысан тазартылған.

– "«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалуда. Онлайн-платформа арқылы да жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін Telegram-ботқа 1123 өтініш келіп түсті, оның 880-і орындалды, 233-і кері қайтарылды, ал 10-ы орындалу үстінде. Бүгін осы жылғы соңғы сенбілікті өткіздік. Ауа райының қолайсыздығына бойланысты акция аясындағы жұмыстарды келесі жылы жалғастыратын боламыз", – деді облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының көгалдандыру және абаттандыру бөлімі басшысы Бекзат Кәрімов.

– "Бүгін әріптестерімізбен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында өткізіліп жатқан сенбілікке қатыстық. Мұндай шаралардан қалыс қалған емеспіз. Еліміздің таза болуына әрбір азамат үлесін қосуы керек", – деді шараға қатысқан Ермек Ибрагимов.