«Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілмек

«Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілмек

Еңбекшіқазақ ауданында биылғы жылдың соңына дейін «Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі жаңа мектеп пайдалануға берілмек.

Бүгінде Сатай ауылында 900 орындық және Ащысай ауылында 600 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында. Негізгі құрылыс кезеңдері толық орындалып, қазір нысандардың ішкі әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру жүргізілуде.

Мектептерді пайдалануға беру биылғы жылдың соңына жоспарланған. Жаңа оқу орындары іске қосылған соң, оқушылар үшін үшінші тоқсаннан бастап заманауи әрі қолайлы жағдайда білім алу мүмкіндігі жасалады деп күтілуде.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері «Келешек мектебі» бағдарламасы аясында ауданда екі мектеп салылып, пайдалануға берілген болатын. Бұл өз кезегінде ауданның білім беру инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартып, үш ауысымда оқитын оқушылар санын азайтуға мүмкіндік берді.