Агросалада 33,5 миллиард теңгеге 17 жоба іске асырылуда

Агросалада 33,5 миллиард теңгеге 17 жоба іске асырылуда

Биыл облыстың агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 33,5 миллиард теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 8 жоба пайдалануға берілді. Олардың қатарында сүт фермалары, қайта өңдеу зауыттары мен жылыжай кешендері бар.

Бұл жобалар 500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға және өңір ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Әрбір жаңа жоба – қосылған құн мен жергілікті өңдеу үлесін арттыруға бағытталған. Инвесторларға барлық кезеңде қолдау көрсетіледі», — деді Ғалым Тоқпейісов.