Жылыжайлар тұрғындарды жыл бойы жаңа өніммен қамтамасыз етеді

Жылыжайлар тұрғындарды жыл бойы жаңа өніммен қамтамасыз етеді

Қазір облыста жалпы аумағы 79,2 гектарды қамтитын 48 жылыжай кешені жұмыс істейді. Биыл бұл шаруашылықтар 13,8 мың тонна көкөніс өндірді. Оның 8,2 мың тоннасы – қызанақ, 4,4 мың тоннасы – қияр.

Өнімнің негізгі бөлігі Алматы қаласы мен көршілес аудандарға жеткізіледі. Бұл өңірдің қыс-көктем айларындағы импортқа тәуелділігін азайтады. Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылы жылыжай өнімінің көлемі 15 пайызға артады.

«Жылыжай шаруашылығын дамыту — басым бағыттардың бірі. Біз фермерлерге жыл бойы жаңа піскен өнім өндіруге жағдай жасап отырмыз», — деді Ғалым Тоқпейісов.