2025 жылы Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында 7 ветеринариялық пункттің құрылысы жоспарланған. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 147 миллион теңге бөлініп, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Бүгінгі күнге дейін 3 объектінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 ветеринариялық пункттің құрылысы жалғасуда. Олар:
• Еңбекшіқазақ ауданы – Малыбай ауылдық округі,
• Қарасай ауданы – Әйтей ауылдық округі,
• Жамбыл ауданы – Шолаққарғалы ауылдық округі.
Ветеринариялық пункттер – жергілікті деңгейде жануарлар мен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін маңызды буын. Мұнда ветеринар мамандар аурулардың алдын алу, диагностика және емдеу, вакцинация жүргізу, сондай-ақ эпизоотиялық жағдайды бақылау жұмыстарын атқарады.
Жаңа пункттердің іске қосылуы өңірдің эпизоотиялық тұрақтылығын сақтауға және мал өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.