Халық қаһарманы, аса көрнекті мәдениетжәне өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жылтолуына орай туған жері – Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылында ұлытұлғаның ескерткіші бой көтеріп, жаңа мәдениет үйі ашылды.
Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет жәнеақпарат министрі Аида Балаева, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, қоғамжәне мәдениет қайраткерлері, зиялы қауымөкілдері мен өнер майталмандары қатысты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқұттықау сөзінде ескерткіштің ашылуыхалқымыздың әйгілі тұлғаға деген айрықшақұрметі мен ыстық ықыласының белгісі екенінатап өтті.
«Нұрғиса Тілендиев өркениетіміздіңөрісін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты, еліміздің мәдени мұрасын жаңғыртуға, қазақтың ән-күйін жер жүзіне танытуға зореңбек сіңірді. «Отырар сазы» оркестрініңнегізін қалап, ұлтымыздың руханидүниетанымын байыта түсті. Ол алтын қорымызға енген пьесалар мен фильмдерге музыка жазып, театр жәнекино саласында қайталанбас қолтаңбасынқалдырды. Нұрғиса Тілендиевтің теңдессізмұрасы әлі талай ұрпаққа тағылым берерісөзсіз. Оның есімі қазақ мәдениетімен біргемәңгі жасай береді», – делінген құттықтаухатында.
Мемлекет басшысының мерейлі сәтке орайжолдаған лебізін жеткізген Аида Балаева өзсөзінде ұлы композитордың қазақ мәдениетінеқосқан өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.
«Ұлы композитор халқымыздың тарихымен тағдырын, қуанышы мен қайғысын, арман-мұратын өнермен өрнектеп, артындамол мұра қалдырды», – деді А. Балаева.
Министр Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай елімізде және шетелдеауқымды мәдени іс-шаралар ұйымдастырылыпжатқанын айтты.
Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ халықаралықұйымы 2025 жылды «Нұрғиса Тілендиевжылы» деп жариялап, Анкарада көрме, деректіфильм көрсетілімі мен композитор шығармаларынан концерт өткізді. ПариждегіЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Шабыт бастауы» атты көрме ашылып, АҚШ-та Карнеги-холдаарнайы экспозиция, Бейжіңде «Құстар қайтыпбарады» атты шығармашылық кешұйымдастырылды. Сондай-ақ Мәскеу, Франкфурт, Бішкек, Алматы және Түркістанқалаларында түрлі концерттер мен фестивальдер өтті.
«Бүгінгі ескерткіштің ашылуы да ұлытұлғаның рухын ұлықтауға арналған іс-шаралардың бір парасы деп білеміз. Осынау еңселі ескерткіш – НұрғисаТілендиевтің ұлт жүрегіндегі мәңгілік орнынайшықтайды. Нұрғиса Атабайұлыныңқұнды қазынасы қазақтың мәңгілік мұрасыболып қала берері сөзсіз», – деді министр.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатты жиында сөз сөйлеп, Нұрғиса Тілендиевтің қазақ мәдениетіндегі орны ерекше екенін атап өтті:
“Бүгін біз ұлы композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, халқымыздың мақтанышы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған маңызды оқиға – еңселі ескерткіш пен мәдениет үйінің ашылу салтанатына жиналдық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі – еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түседі» деп атап өтті.
Салтанатты жиынға қатысушылар 400 орындық жаңа мәдениет үйінің ашылуынақатысып, көрме залдарын аралады. Іс-шара аясында арнайы концерт өтіп, дәулескеркүйшінің әндері мен күйлері орындалды.
Айта кетейік, Нұрғиса Тілендиевтің мүсінінбелгілі мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов жасаған. Қоладан құйылғанескерткіштің биіктігі – 2,85 метр, тұғыры – 1,5 метр, жалпы биіктігі – 4,35 метр. Тұғырыграниттен жасалған. Еңселі ескерткіш – ұлысазгердің ұлт руханиятына сіңірген еңбегінедеген ел құрметінің айғағы.