Алматы–Қонаев трассасындағы полигон өрті: ауа сапасы бақылауда

Алматы–Қонаев трассасындағы полигон өрті: ауа сапасы бақылауда

Алматы–Қонаев автожолының 35-шақырымындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртке байланысты жақын маңдағы елді мекендерде ауа сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді.

15–16 қыркүйек күндері 288 сынама алынып, олардың бір бөлігінде шекті мәннен асып кеткен көрсеткіштер анықталды. Осыған орай тұрғындарға, әсіресе балалар мен қарттарға және тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы бар адамдарға алдын алу шараларын сақтау жөнінде нұсқаулық берілді.

17 қыркүйекте сол нүктелерде жүргізілген қайта тексерулер нормаларға сай нәтижелер көрсетті. Қазіргі таңда ауа сапасы желдің бағытына байланысты тұрақты түрде қадағалануда.

Маңыздысы, 15–17 қыркүйек аралығында улану жағдайлары тіркелмеген және медициналық мекемелерге шағымданғандар болмаған. Зардап шеккендер жоқ.