Облыста қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды «Sergek» зияткерлік жүйесін енгізу жобасы басталды.
Бүгінгі таңда жүйе толықтай іске қосылған: барлық камералар тәулік бойы жұмыс істейді, бұл өңір аумағындағы жағдайды үнемі бақылауға мүмкіндік береді.
Жоба аясында:
• 325 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылды,
• автомобиль жолдарын, аула аумақтарын және қоғамдық кеңістіктерді қамтитын 9 000-нан астам бейнебақылау камерасы орнатылды,
• бұрын бейнебақылау болмаған 32 шалғай елді мекенге жүйе енгізілді.
Жүйені енгізуден күтілетін нәтижелер:
🔹 қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейін 40%-ға дейін төмендету,
🔹 жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім санын 50%-дан астам қысқарту.
«Sergek» — заманауи бейнебақылау технологияларын және жасанды интеллектіні біріктіретін жүйе. Ол нақты уақыт режимінде жағдайды бақылауға және кез келген оқиғаға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, бұл өңірдегі қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.