Алматы облысы соңғы жылдары қаржы тарту жағынан үлкен серпіліс жасап келеді. 2024 жылы өңірге 1 триллион 17,7 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1 триллион 352 миллиард теңгеге жетуі ықтимал.
2022–2024 жылдар аралығында облыста 724 миллиард теңгеге жуық қаржыға 98 жоба жүзеге асты. Соның арқасында 11 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Биыл тағы 35 ірі жоба қосу жоспарланып отыр. Олардың қатарында "PepsiCo" зауыты мен "LC Waikiki" компаниясының қойма кешені бар.
— Алматы облысы қазір шетелдік және отандық кәсіпкерлер үшін қолайлы аймаққа айналды. Алдағы жобалар өңірдің дамуына тың серпін береді, — деді облыстық экономика және жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз.
Тартылған әр теңге — жаңа жұмыс орындары, заманауи өндіріс пен тұрақты табыс көзі. Бұл — облыстың жарқын болашағына жасалған нық қадам.