Алматы облысы – еліміздің жетекші индустриялық өңірлерінің бірі

Алматы облысы – еліміздің жетекші индустриялық өңірлерінің бірі

Алматы облысы – Қазақстанның индустриялық орталықтарының көшбасшыларының қатарында — үш жарым жылда 6,7 трлн теңгенің өнімі өндірілді

Алматы облысы соңғы үш жарым жылда 6,7 трлн теңгенің өнімін шығарды. 2024 жылғы өндіріс көлемі 2021 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Бүгінде өңір өңдеу өнеркәсібі бойынша Қазақстан облыстары арасында 6-орынға көтеріліп, өз позициясын нығайтып келеді.

Өңдеу саласының үлесі жалпы өнеркәсіп көлемінің 90 пайызын құрайды. Тек осы жылдың жеті айында өндіріс индексі 106,6 пайызды көрсетті.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасына сәйкес, негізгі басымдық шикізаттық емес экономикаға беріліп отыр. Облыс әкімдігінде атап өткендей, дәл осы бағыт өңірге тұрақты индустриялық база қалыптастыруға мүмкіндік беруде.