Бүгін Талғар қаласында Павлов көшесінде жаңа блок-модульді қазандық (БМҚ) іске қосылды. Нысанның ашылуына Талғар ауданының әкімі Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков қатысты.
Жаңа қазандықты мердігер ұйым – «ҚазНИИСА» АҚ-ның еншілес кәсіпорны («ДО» ЖШС) салды. Ол №7, 11 және 18 үйлерді үздіксіз жылумен қамтамасыз етіп, тұрғындардың жайлы тұрмысына жағдай жасамақ.
«Аудандағы жылумен қамтамасыз ету жүйесін жақсарту жұмыстары жалғасын табады», – деп атап өтті аудан әкімі.