Құрметті облыс тұрғындары!

Құрметті облыс тұрғындары!

Алматы облысының тарихи-мәдени мұрасын, табиғи ерекшеліктері мен өңірлік бірегейлігін бейнелейтін жаңа өңірлік нышан (символика) жобасы әзірленді. Аталған нышан жобасы – облыстың имиджін қалыптастыруға, ішкі бірлікті нығайтуға, сондай-ақ өңіріміздің болмысын көрнекі түрде көрсетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осыған орай, Алматы облысының жаңа өңірлік нышан жобасын қоғамдық талқылауға ұсынып отырмыз. Баршаңызды өңіріміздің болашағына бейжай қарамай, өз пікіріңізді білдіруге шақырамыз.

Талқылау мерзімі: 15 күнтізбелік күн. 2025 жылдың 28 тамызынан бастап 12 қыркүйекке дейін Ұсыныс/пікірлерді жолдау мекенжайы: daurenbaev.m@almobl.gov.kz почтаға.

Жоба үлгісімен Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында таныса аласыз.

Сіздің ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды. Бірге талқылай отырып, ортақ құндылықтарға негізделген мағыналы облыстың нышанын қалыптастырайық!

Ұйымдастыру комитеті: Алматы облысының әкімдігі

 

ЖОБА

ТАЛҚЫЛАУ