Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының Цинхай провинциясы жеті меморандумға қол қойды. Құжаттар экономика, ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және достық қатынастарды дамыту салаларын қамтиды. Келісімдер бес жылға жасалып, ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Бүгінде өңірде қытайлық капиталмен 143 кәсіпорын жұмыс істейді, ал тауар айналымы жылына 1 млрд АҚШ долларынан асып отыр.
Кездесу барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Цинхай провинциясы КПК комитетінің бірінші хатшысы У Сяоцзюнь стратегиялық серіктестікті кеңейтуге уағдаласты. Тараптар ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, медицина, трансшекаралық сауда және білім беру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Алматы облысының 37 жасы Синьцзян университетінде толық грант негізінде білім алған. Жаңа келісімдер аясында студенттік алмасу жалғасын табады.
ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй Қазақстан мен Қытайды достық пен ынтымақтастық рухы байланыстыратынын атап өтті.