Бүгінде өңірде 348 жылыту қазандығы пайдаланылады: олардың 165-і қатты отынмен, 107-сі газбен, 44-і сұйық отынмен, 21-і электр қуатымен жұмыс істейді, ал тағы 11-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.
Алдағы маусымға облыстың жалпы қажеттілігі 2 181 тонна көмірді, шамамен 1,94 млн литр сұйық отынды және 98 текше метр отынды құрайды.
Қазіргі уақытта өңірдегі барлық медициналық ұйымдарда отын сатып алу конкурстары аяқталып, жеткізушілер анықталып, келісімшарттар жасалды. Бірқатар медициналық мекемелер қажетті отынмен қамтамасыз етілді. Сұйық және қатты отынды жеткізу 1-15 қыркүйек аралығына жоспарланған. Барлық нысандарда қысым сынақтары мен техникалық жұмыстар жүргізіліп, жабдықтарға сервистік қызмет көрсетілді, сондай-ақ қазандықтардың ақаулы қосалқы бөлшектері ауыстырылды.
Жылыту маусымына дайындық жоспарлы түрде атқарылып жатыр, ал әлеуметтік нысандарды отынмен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда тұр.