Доступность медицинской помощи для сельских жителей растет

Доступность медицинской помощи для сельских жителей растет

Алматы облысында ауылдық тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі артып келеді

Алматы облысында ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жылжымалы кешендер мен мобильді топтардың жұмысы белсенді жүргізілуде.

18 тамыздан бастап заманауи КТ, маммограф және УДЗ аппараттарымен жабдықталған жылжымалы кешен Ұйғыр ауданының Кетпен ауылына барып, 323 зерттеу жасап, 42 бейінді маманның кеңесін өткізді. Жалпы 2025 жылдың басынан бері 35 елді мекен қамтылып, 8 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Оның нәтижесінде 17 қатерлі ісік пен 324 алдын ала жағдай анықталды.

11 тамыздан бастап құрамында 8 білікті дәрігері бар мобильді топ Балқаш және Райымбек аудандарында болып, тұрғындарға кеңес пен көмек көрсетті. Қосымша оталар жасалып, науқастарға дер кезінде диагноз қойылды.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024–2025 жылдары облыста 38 жаңа нысанның құрылысы жоспарланып, бүгінде 17-ының жұмыстары аяқталды.

20 тамызда өңірлік штаб отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі қаралып, сақтандырылмаған азаматтар санын азайту үшін түсіндіру жұмыстары күшейтілді.

Сондай-ақ, тамыз айында Қонаев қаласында жатыр мойны обырының алдын алу бойынша көшпелі мектеп, инсульт қызметін жетілдіруге арналған тренингтер және жүрек-қан тамырлары ауруларын ерте анықтау семинарлары өтті.