ПИК-тің ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керек?

ПИК-тің  ай сайынғы тарифін көтеру туралы тұрғындарды қанша күн бұрын хабардар ету керек?

Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушы компаниялары мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты  өзгерістер күшіне енеді.

Енді барлық басқару субъектілері кондоминиум объектілерін ескертусіз тастап кете алмайды және ай сайынғы тарифті біржақты тәртіппен көтеруге құқығы жоқ.

Заңда кондоминиум объектісін басқару қызметтерінің құнын өзгерту немесе өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы пәтер, тұрғын емес үй-жайлар, автотұрақ орындары мен қойма иелерін болжамды өзгеріс немесе қызметті тоқтату күніне дейін кемінде үш ай бұрын хабардар ету міндеті болып енгізілді.

Тарифті көтеру туралы хабарлау және бұл мәселені қарау фактісін растайтын құжат меншік иелерінің жиналысының хаттамасы болып табылады. Жиналыс хаттамасында меншік иелерінің тарифті көтеруге келісімі немесе бас тартуы, сондай-ақ басқару субъектісін ауыстыруға ниеті көрсетіледі.

Сонымен қатар қосымша, басқару субъектілері тұрғын үй-инспекцияларын объектідегі қызметін бастау немесе тоқтату туралы хабарлау, объектінің мекенжайын көрсете отырып, кемінде үш күн бұрын хабардар етуге міндетті.

Өз кезегінде тұрғын үй инспекциялары келіп түскен барлық ақпаратты бірыңғай тізілімге енгізіп отыруы тиіс.