Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы тағайындалды

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы тағайындалды

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының лауазымына Ақжүрек Достықұлы Таңатаров тағайындалды.

Ақжүрек Достықұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін
2010 жылы «дене шынықтыру және спорт»,
2013 жылы «құқықтану», 2015 жылы «мемлекеттік және жергілікті басқару», 2022 жылы Шымкент университетін «педагогика және психология» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Ұлттық штаттық командалар мен спорт резервінің нұсқаушы-спортшысы ретінде бастаған.

Әр жылдары Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген

(№5 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы, Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің басшысы, Бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталығының басшысы).

2024 жылғы маусым айынан Қазақстан Республикасы Гір және Армспорты федерациясының президенті лауазымында қызмет атқарған.