Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2025 жылғы 14 тамыздағы №265 бұйрығымен Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына Бақытжан Мәметжанұлы Молдахметов тағайындалды.
Бақытжан Мәметжанұлы, 1976 жылы туылған, білімі жоғары, 1998 жылы Алматы технологиялық институтын «инженер-технолог», 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы және несие», 2009 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетін «құқықтану»,
2024 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «экология» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 2001 жылы «Қаратал-Мұнай» серіктестігінде (мұнай базасында) бөлім бастығы болып бастаған.
Әр жылдары:
- Қапшағай қаласы, Қарасай, Талғар аудандарының қоршаған ортаны қорғау саласында;
- Балқаш-Алакөл экология департаментінде (инспектор, бас маман, бөлім басшысы);
- «Жетісу-Энерготрейд» серіктестігі мен «ТАТЭК» компаниясы құрылымдарында;
- Қарағанды, Қостанай облыстарының экология департаменттерінде басшылық лауазымдарда;
- Талғар ауданы мен Қонаев қаласы әкімдіктерінде түрлі жауапты қызметтер атқарған.
2022 жылдың қараша айынан Алматы облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.